Қалада қысқа дайындық пысықталуда

599

0

Бүгін қала әкімі Ғанибек Қазантаев кәріз жүйесіне байланысты туындаған мәселелер бойынша бірқатар мекенжайда болып, сала басшыларына кәріз жүйесі жұмысын жүйелеу жөнінде тапсырмалар жүктеді.

Бегім ана көшесі №17, Панфилов көшесі №31а көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарының шағымын қаперге алған қала әкімі сала басшыларынан орын алған ақаулы жағдайды тез арада қалпына келтіруді талап етті.

Осы ретте, қала әкімі тұрғын үйлерде туындаған мәселерді шешу үшін аптасына бір мәрте тұрғын үйлерді тұрақты аралайтындығын жеткізді.

Қазіргі таңда, кәріз су құбырларын қайта жаңғырту бағытында Қызылорда қаласында екі жоба жүзеге асырылуда. Мәселен, Нұрмақов, Сүлейменов көшелері бойынан №12 «Червякова» кәріз сорғы станциясына дейінгі аралықта құятын өздігінен ағатын кәріз су құбыры (Диаметрі 315 мм, ұзындығы L-201 метр) жөндеуден өтуде. Аталған жұмыстарды мердігер мекеме «Арда Құрылыс» ЖШС жүзеге асыруда.

Сонымен қатар, Скатков – Шүкіров көшелер қилысынан №14 «Универсам» кәріз насос станциясына құятын өздігінен ағатын (диаметрі 400 мм, ұзындығы L-180 метр) кәріз су құбырының ағымдағы күрделі жөндеу жұмыстары “Қызылорда су жүйесі” МКК-ң 2021 жылғы инвестициялық бағдарламасы аясында жоспарға енгізіліп, жүзеге асырылмақ.

Аталған құрылыс жұмыстарының нәтижесінде 2200-ден аса абоненттің кәріз жүйесіндегі мәселелерінің шешімі табылмақ.

Айта кету керек, Қызылорда қаласында 65 сорғы станциясы бар. Оның 23-і өткен жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында қайта жаңғыртудан өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<