Қақпа алдындағы кездесу

495

0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде 7 ай 6 күн мерзімге бас бостандығынан айырылған С. есімді азамат жаза мерзімін толығымен өтеп, мекеме мамандарынан бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірге әлеуметтік-психологиялық бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында психолог, заңгер және медицина қызметкерлерімен кездесіп, бостандыққа шыққаннан кейінгі құқықтары мен міндеттері жөнінде ақпарат алды.

– Жаза мерзімін өтеп, бостандыққа шыққалы жатқан азаматқа мекеме қызметкерлері тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұл азаматтың бостандықта өзін лайықты дәрежеде ұстауына барынша жағдай жасау біздің міндетіміз, – деді тәрбие бөлімінің бастығы, әділет аға лейтенанты Мағжан Әбдімажитов.

– Жастықпен жаза басып, мерзімімді толығымен өтеп, бүгін бостандыққа шыққалы отырмын. Темір тордың арғы жағындағы өмір кімді болса да күйзеліске түсіретіні анық. Осыған орай мекеме қызметкерлері қоғамнан тыс қалдырмай, бостандықтағы өмірге қайта даярлау жұмыстарын жүргізді. Сол үшін алғысымды білдіремін. Кеңес алу барысында өз құқықтарыммен және міндеттеріммен толықтай таныстым. Туған-туыстарыммен кездесуге асықпын. Алдағы уақытта қателікке жол бермеуге тырысамын , – деді С. есімді азамат.

Адина Жомартқызы,

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<