Қарттарын қадірлеген ел ардақты

672

0

Аға буын өкілдері қоғамдық өмірге белсене араласып, жас ұрпақты рухани, адами тұрғыда тәрбиелеуге өз үлестерін қосуда. Сонымен қатар, шыдамдылық пен табандылыққа үйретіп, өмірлік тәжірибелерімен, ақыл-кеңестерімен бөліседі.

Облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Hayat Palace» мейрамханасында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік іс-шара өтті.

Ардагерлер ұйымының 35 жылдығы аясында өткен іс-шараға облыс әкімі, депутаттар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Мерекеге шақырылған ардагерлерге сый жасалды.

Деректерге қарасақ, облыстық ардагерлер ұйымының қатарында 77 мыңнан астам мүше, 701 бастауыш ардагерлер ұйымына біріккен екен. Ардагерлік қозғалыстың беделін көтеру, оларға жан-жақты қолдау көрсетуде ардагерлер белсенділерінің алатын орны ерекше екені белгілі.

Бүгінде қазыналы қарияларымыз елдің тұрақтылығы мен ауызбіршілігін сақтап қалуға ықпал етіп, билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналды. Біз кейінгі уақытта ұрпаққа өнеге болар жақсы бастамалардың куәсі болып жүрміз. Бұл үрдіс жалғасты болуы керек деп ойлаймын.

Сәбит ӘБІШ,

ардагер, облыстық «НевадаСемей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<