Қазалыда мерейтой аясында жәрмеңке ұйымдастырылды

429

0

Кеше аудан орталығында Қызылорда облысының 85 жылдығы және Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойына орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Ауыл өнімдерінің жәрмеңкесін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен мерейтойға арнайы келген қонақтар да бірге аралады.

Алтын күздің тоқшылық мерекесіне кент және ауылдық округтерден барлығы 50 көлікке тиелген 12 тонна күріш, 6.5 тонна күріш қалдығы, 6 тонна балық, 70 тонна картоп, 20 тонна жуа, 20 тонна бақша өнімдері, сонымен қатар сүт өнімдері мен 50 басқа жуық қой әкелінді.

Жәрмеңке барысында мерейтойға келген қонақтар тарапынан әсіресе Қазалының кәмпиті мен бүгінгі күні брендке айналып келе жатқан «Қазалы» сабыны өнімдеріне және балығына деген сұраныс жоғары болды.

Ауданның дихандары мен тауарөнідірушілері жеміс-жидек, көкөніс дақылдары және азық-түлік тауарлары, ет және балық өнімдерін аудан тұрғындарына нарықтағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағада ұсынды. Мерейтой аясындағы ұйымдастырылған бұл жәрмеңке – аудан тұрғындары үшін үлкен сый болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<