Қазалыда сенбілік жұмыстары қарқынды жүргізілуде

246

0

Фото: Қазалы ауданы

Табиғат тазалығы – халық саулығы екенін ескерсек, айнала қоршаған ортамызды, табиғатты таза ұстау – баршамыздың азаматтық парызымыз.

Елімізде өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қазалы ауданында көркейту-көгалдандыру, тазалық жұмыстары барлық кент, қала және ауылдық округ аумағында қарқынды жалғасты.

Сенбілік жұмыстары барысында аудан орталығы – Әйтеке би кентінде 7 аймақ бойынша тазалық жұмыстары жүргізіліп, 23,4 шақырым аяқ су арықтары тазартылды.

Сонымен қатар газ трубалары, жол белгілері, қоршаулар, электр мен жарықшамдардың бетонды бағаналары сырланып, ағаш түптері әктелді.

Сондай-ақ «Киелі мекен» акциясы аясында аудан аумағындағы ескерткіштер мен киелі орындар абаттандырылып, аудан орталығы мен барлық ауылдық округтерде 1200 түп ағаш көшеттері отырғызылды.

Айта кетейік, сенбілікке аудан бойынша 2238 адам мен 37 техника жұмылдырылып, 30,9 тонна бей-берекетсіз қоқыстар тазартылды және 33,9 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы орынға шығарылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<