Қазақ үшін құнды дүние

1893

0

Елбасының жариялаған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттары жинағында Жер – ата-баба мұрасы. Халық қазынасы қағидатында «қазақ үшін ел мен жер – тұтас ұғым» делінген. Бұл қағидат қазақ үшін құнды. Ал біз үшін құнды мұраның бірі – бұл айдынды Аралымыз және оның тағдыры бізді алаңдатады.

Расымен, бір кездері Арал экологиялық аумақтан тұрғындарды жаппай қоныс аудару мәселесі көтерілген болса, бүгінде Елбасының айрықша қолдауының арқасында Аралдың ата кәсібі жанданып, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артты.

Қазіргі таңда Елбасының тікелей қолдауымен қолға алынған «САРАТС-1» жобасының жүзеге асырылуымен Аралдағы балықтың сапасы да, салмағы да халықаралық стандартқа сай келеді. Теңізден жылына 8 мың тонна балық ауланса, оның тең жартысы экспортқа жөнелтіледі.

Бүгінгі күні «Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы 2-ші кезеңінің алдағы жылдары «Nur Otan» партиясының Жол картасы аясында іске асырылатындығы жерлестерімді қуантып отыр.

Елбасының «Мен Аралға көмектесемін деген арманыма жеткеніме қуаныштымын!» – деген сөзі әлі де аралдықтардың есінде.

Сыр елі халқының, Арал жұртшылығы мен болашағының тағдыры жолындағы Тұңғыш Президентіміздің еңбегі ұшан теңіз.

Осындай еңселі істердің бастамашысы, ұйытқысы болған Нұрсұлтан Әбішұлына ризашылығымыз шексіз.

Нұралы ОСПАНОВ,

Арал ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<