Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек пен құтқарушылар жібереді

324

0

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетіп, жер сілкінісінен кейін үйінділерді тазалауға құтқарушылар жібереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкіметтің мәліметінше, бұл президенттің тапсырмасы бойынша жасалуда. Гуманитарлық көмек жіберу үкіметтік комиссия отырысында талқыланды.

Гуманитарлық көмекке азық-түлік, шатырлар, дәрі-дәрмек, киім-кешек және басқа да қажетті заттар кіреді. Тауар алдағы уақытта әуе және теміржол арқылы жөнелтіледі.

Сондай-ақ Ауғанстанға үйінді астында қалған адамдарды құтқаруға практикалық көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен кинологтар жіберіледі.

Айта кетейік, 7 қазан күні Ауғанстанның Герат провинциясында жер сілкінісі болған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<