«Qazaqstan дауысы» Оңтүстік Қазақстан таланттарын іздейді!

974

0

11 мамыр күні «Qazaqstan дауысы» жобасының ұйымдастыру тобы Қызылорда қаласындағы іріктеуге қатысатын үміткерлер арасынан вокалдық қабілетімен ерекшеленетін орындаушыларды іздейді.

«Qazaqstan дауысы» – әлемнің 100-ден астам елінде көрсетілген «The Voice» телешоуының қазақстандық нұсқасы. Ал қатысушылардың вокалдық қабілеттеріне қарай таңдалуы – телевизиялық шоудың басты ерекшелігі.

Күзгі жаңа маусымнан бастап еліміздің басты арнасы «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Qazaqstan дауысы» жобасы эфирге шығады. Жобада 16 жастан бастап 59 жасқа дейінгі үміткерлер бақ сынай алады.

Өтінімдер qazaqstan.tv/voice сайт арқылы 2021 жылдың 10 маусымына дейін қабылданады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<