Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал әлі күрделі, тек бір ғана өңір «жасыл» аймақта

373

0


ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 17 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Матрица көрсеткіштері Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың әлі күрделі екенін көрсетеді. Елде тек бір ғана өңір – Түркістан облысы ғана «жасыл» аймақта тұр.

Қалған өңірлердің барлығы «қызыл» аймақта. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.

inform.kz


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<