Қазақстандықтар наурыз айында неше күн демалады?

1032

0

2022 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда барлығы 12 күн демалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Келер айда қазақстандықтарды бірден екі ресми мереке – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мен 22 наурыз – Әз-Наурыз мейрамы күтіп тұр.

Халықаралық әйелдер күнінде қазақстандықтар үш күн демалады – 6, 7 және 8 наурыз.

Биылғы жылы 8 наурыз сейсенбіге сәйкес келетіндіктен, 5 наурыз жұмыс күні болады да, ал дүйсенбі 7 наурыз демалыс күні болады.

Ал Наурыз мейрамы 21-23 күндері аралығында тойланады, сонымен бірге 19 және 20 наурыз сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келеді. Осы себептен наурыз айында қазақстандықтар бірден бес күн – 19, 20, 21, 22 және 23 күндері демалатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<