Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көп келеді

295

0

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 536 шетел азаматы еңбек ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің ақпаратынша, еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

  • Қытай – 4 011 адам (29,6%),
  • Өзбекстан – 1 577 адам (11,6%),
  • Үндістан – 1 187 адам (8,7%),
  • Түркия – 1 058 адам (7,8%).

Шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға арналған рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар:

  • басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 605 рұқсат (бірінші санат),
  • құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 793 рұқсат (екінші санат).

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<