Қазақстаннан жанжалмен кеткен бапкер Өзбекстанға «алтын» әперді

592

0

Қазақстаннан жанжалмен кетіп қалған жаттықтырушы Токио Олимпиадасында Өзбекстанға алтын медаль алып берді. Бұл туралы Aniq.uz хабарлады.

«Қазақстандық Ержас Бөлтаев әлемнің төрт мәрте рекордының егесі, қызылордалық ауыр атлет Илья Ильиннің жеке жаттықтырушысы еді, бірақ ол Токио-2020 чемпиондарын тәрбиелеу үшін Өзбекстанға кетіп қалды», – деп делінген хабарламада.

Қазақстаннан былтыр жанжалмен кетіп қалған Ержас Бөлтаев Ташкентке келгесін ауыр атлет Акбар Жураевтың жеке жаттықтырушысы болып белгіленді.

Өзбек зілтеміршісі бұрнағы күні Токио тұғырында қоссайыс бойынша 430 кг салмақты бағындырып, Олимпиада чемпионы атанды. Өзінің басты қарсыласы – армян Симон Мартиросяннан қорытындыда 7 кг салмақты артық көтерген штангашы сонымен бірге Ойындардың екі бірдей рекордын (серпе көтеру мен қоссайыс бойынша) жаңартты.

rast.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<