QazVac туралы не білеміз?

153

1

QazVac (QazCovid-in) – бұл инактивтендірілген, тазар­тылған және концен­тра­цияланған вакцина. Оның құрамына алюминий гидро­тотығы – адъювант қосылған. Отандық вакцинаны әзірлеу барысында жылдар бойы қолданылған технология пайдаланылды. Оның барлық компоненті сенімді, өйткені олар басқа вакциналарды әзірлеу кезінде апробация­дан (сынақтан) өт­кен. Бұл туралы Білім және ғы­лым министрлігінің ресми парақшасында хабарланған.

Инактивтендірілген вакцинаны әзірлеу платформасы белгілі және қауіпсіз болып табылады.  Оның құрамындағы компоненттер азаматтар бұрын алған вакциналардың құрамында болған. Вакцинаға қосылған бір ғана жаңа компонент – инактивтендірілген вирус.

Инактивтендірілген вакцина дәстүрлі және тиімді болып саналады, оны дайындау технология­сы күрделі емес және қауіпсіз. Сондықтан қазақстандық ғалым­дар инактивтендірілген вакцина жасау туралы шешім қабылдады.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз