ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрінің Жалағаш ауданына жұмыс сапары

635

0

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары барысында Жалағаш ауданының аурухана жұмысымен танысты.

Қазіргі таңда аудан халқына – аудандық орталық аурухана, аудандық емхана,12 дәрігерлік амбулатория,2 фельдшерлік – акушерлік бекет және 2 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жалағаш ауданының денсаулық сақтау саласында медициналық қызметті жетілдіру, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, аурудың алдын алу шаралары мен алғашқы медициналық көмекті жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<