Қымбат Досжан «Балапан» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды

778

0

Танымал, журналист, тележүргізуші «Балапан» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының баспасөз хатшысы Айдын Дүйсенбайқызы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қымбат Досжанның Қазақ телевизиясында 40 жылға жуық уақыт тәжірибесі бар. «Qazaqstan» телеарнасы Жаңалықтар қызметінің продюсер-жүргізушісі, Қазақ радиосының жүргізушісі, Қазақ радиосының Бас редакторы міндеттерін атқарды.

Қазіргі уақытта «Qazaqstan» телеарнасындағы «Қымбат жандар» авторлық әлеуметтік бағдарламасының жүргізушісі.

«Телерадиокорпорация салада, оның ішінде, Корпорация құрамындағы теле және радиоарналарда ұзақ уақыттан бері қажырлы еңбек етіп келе жатқан мамандарға үнемі басымдық береді. Бүгінгі тағайындаулар да осы ұстаным бойынша жүзеге асып отыр», – деді «Қазақстан» РТРК» АҚБасқарма төрағасы Ләззат Танысбай.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<