Қытайлық Vero Cell вакцинасының тағы 10 мың дозасы жеткізілді

311

0

Алматыға қытайлық Vero Сell вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті.

«14 тамыз күні Sinopharm компанисының Vero Сell вакцинасының он мың дозасы жеткізілді. Осы аптада тағы 35 мың дозасын әкелу жоспарда. Қазіргі уақытта бұл вакцина барлық егу пүнктерінде бар»,- деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Айта кетейік, аталған вакцинаның алғашқы партиясы 10 тамыз күні жеткізілген болатын.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<