Қызылорда әкімшілік соты жарты жыл жұмысын қортындылады

620

0

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына 2021 жылдың 6 айында 3351 әкімшілік іс келіп түскен.

Оның ішінде 63 әкімшілік іс  ведомстволық  бағыныстылық бойынша кері қайтарылса, 3219 әкімшілік іс негізінен қаралған.

Келіп түскен әкімшілік істердің 97%-і  мемлекеттік тілде қаралған.

Жалпы  2021 жылдың 6 айында  келіп түскен әкімшілік істерді өткен  жылдың  есепті  кезеңімен салыстырғанда 563 іске көбейген.

Келіп түскен әкімшілік істердің 3219 әкімшілік іс негізінен қаралып, оның ішінде 2833  адамға әкімшілік жаза тағайындалған, 385  адамға катысты әкімшілік іс сот өндірісінен қысқартылған.

Қысқартылған әкімшілік істердің басым көпшілігі ӘҚБтК-нің 64-бабына сай, құқық бұзушы жәбірленушімен бітімгершілікке  келуіне  байланысты  сот өндірісінен  қысқартылған.

Соттармен ӘҚБтК-нің 64-бабына сәйкес әкімшілік істердің  қысқартылуына  жәбірленушімен  татуласуы  себеп   болған.

Жүріп тұру еркіндігін  шектеуге  қатысты  46  материал  келіп түскен.

Жаза тағайындау тәжірибиесіне тоқталатын болсақ, 2021 жылдың 6 айында  қаралған әкімшілік істер бойынша 2833 адамға қатысты әкімшілік жазалар   тағайындалған.

Қазіргі кезде Қызылорда облысында әлемді жаулаған пандемияның таралуын алдын алу, азайту, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс аумағында карантиндық шектеу шаралары енгізілген болатын.

Сол себепті, Қызылорда қаласының әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  жөніндегі  мамандандырылған соты  толықтай құжат айналымын электронды түрде сот жүйесінің сервистері арқылы қабылдап, ал сот отырыстарына сотқа қатысушыларды сот ғимаратына келмей-ақ бейнебаланыс арқылы, TrueConf, Watsapp мобильді қосымшасы арқылы қатыстырған. Қабылданып отырған шаралар азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді барынша азайтуға бағытталған.

Сондай-ақ, әкімшілік сот судьялары және сот қызметкерлерімен жариялылықты қамтамасыз ету және бұқаралық ақпарат құралдарына байланыс  жасау  мақсатында 52 мақала жарияланған, телевидение, радио арқылы сұхбаттар берілген, облыстық соттың  Веб-сайтына 51 ақпарат жарияланған, 5 семинар өткізілген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы сот органдарының  қызметінің  ашықтығы  мен  айқындығын  қамтамасыз  ету мақсатында  бұқаралық  ақпарат  өкілдерінің  қатысуымен  2 баспасөз  конференциясы  өткізілген.

Жанар Асқарова,

Қызылорда қаласының әкімшілік  құқық  бұзушылықтар

 жөніндегі  мамандандырылған  сотынының бас маманы-сот отырысының хатшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<