Қызылорда облысының тұрғыны үйінде жылыжай жасап, есірткі өсірген

523

0

Сурет: ҚР ІІМ

Қызылорда облысы ПД Қазалы аудандық полиция бөлімінің жедел уәкіл қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі өсірген аудан тұрғынын ұстады.

Тінту кезінде 45 жастағы азаматтың үйінен арнайы шкаф табылды. Ұсталған адам оны жылыжай етіп, қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтаған.

Арнайы жарықтандыру, желдеткіш, суару жүйесі, климаттық бақылау және фотосинтез шамдарын орнатқан. Жылыжай ішінен 6 қарасора бұтасы мен кептірілген марихуана тәркіленді.

Дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі бойынша (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Осы баптың санкциясында екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазасы көзделген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<