Қызылорда «сары аймаққа» ауысты

610

0

Соңғы күндердегі көрсеткіштер бойынша Қызылорда облысы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында 6 мамыр күні “сары” аймаққа ауысты.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы Қаулысына сәйкес “қызыл” аймақтан “сары” аймаққа ауысқан жағдайда карантин шараларын жеңілдету 7 күннен кейін жүргізіледі.“Сары” аймаққа ауысу қауіптің сейілгенін білдірмейді, босаңсуға негіз жоқ. Себебі коронавирус инфекциясы бойынша облыстағы ахуал әлі де тұрақсыз деп бағаланады. Сондықтан сақтық шараларына салғырт қарамауды сұраймыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз