Қызылордада 8 ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

633

0

Қызылорда қаласында сегіз ай бұрын жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетсек, әйел 2020 жылдың 30 қазанында үйінен белгісіз бағытқа шығып, хабар-ошарсыз кеткен. Іздеу жұмыстарына арнайы мобильді топ құрылып, оның жұмысына құзырлы органдардың күштері мен еріктілер жұмылдырылды.

«Полицейлер Қызылорда қаласына қарасты Белкөл елді мекенінен 2,5 шақырым аумақтан белгісіз адамның мәйіті тапты. Бірнеше мәрте жүргізілген сараптамалар нәтижесінде ол сегіз ай бұрын жоғалған әйелдің мәйіті екендігі нақтыланды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгісі жоқ. Қазіргі таңда тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Кісі өлімінің нақты себептері анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<