Қызылордада дария аумағында белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған әйел іздестірілуде

510

0


Қызылорда облысында бір күннен бері Сырдария өзені аумағында белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған 45 жастағы азаматша іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде 15 тамызда сағат 07.00 шамасында 45 жастағы әйел Сырдария аумағында белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.

«Оқиға орнында Өрт сөндіру қызметінің жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы 1 техника және 1 қайық күшімен іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздестіру 19.30 шамасында уақытша тоқтатылды. Шара нәтиже берген жоқ. Бұл жұмыстар бүгін, 16 тамызда қайта жалғасады», – деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада Сырдария жағалауына жете алмай қалған жасөспірім құтқарылды.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<