Қызылордада танысының телефонынан 4 млн теңгені жымқырған азамат ұсталды

1035

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда қаласында танысының телефонын ұрлау арқылы 4 млн теңгені басқа банк есепшотына заңсыз аударған 30 жастағы азамат ұсталды.

Қызылорда қалалық полиция басқармасына 68 жастағы қала тұрғыны шағымданды. Ол танысының телефонын ұрлап алғанын, банк қосымшасынан 4 миллион теңгені  басқа банк есеп шоттарына заңсыз аударып алғанын айтқан. 

«Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 30 жастағы күдікті анықталып, басқармаға жеткізілді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ақпараттық жүйеге заңсыз кіру жолымен жасалған ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қызылорда облысында қос азаматтығы бар ресейлік әйел анықталған еді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<