Қызылордалық құтқарушылар азаматтың басынан темір дулығаны шешті

2513

0

Фото: ТЖД

Бүгін таңғы сағат 02-ден 55 минут өткенде Қызылорда қаласындағы Саяхат шағын ауданының тұрғынынан үйіндегі қонақтың басынан темір дулыға (шлем) шешілмей жатқандығы туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына Құтқару бөлімшесінің басшысы Ғ.Елмұратовтың жетекшілігімен барған құтқарушылардың анықтағаны: тұрғынның досы суретке түспекші болып, темір дулығаны басына кигенімен, басынан шеше алмай қалған. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен азаматтың басына зиян тигізбей, дулығаны шешіп берді. Олар құтқарушыларға алғыс білдірді.

Қызылорда облысы ТЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<