Қызылшаға қарсы екпені 80%-дан астам бала қабылдамаған

358

0

Фото: Қала әкімдігі

Қазақстанда қызылшамен ауырған 14,4 мың баланың 80%-дан астамы егілмеген, оның жартысынан көбі ерікті түрде бас тартудың себебінен болып отыр, деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Республикада қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелді, оның ішінде 82%-дан астамы немесе 14465 жағдай балаларға тиесілі, оның 83%-ы вакцинация алмаған балалар. Бұл ретте, балалардың 60%-ы ата-аналарының бас тартуына байланысты егілмеген, қалған балалар егу жасына жетпегендер не медициналық қарсы көрсетілімдері бар.

Қызылшамен ауырғандардың ең көп саны Шымкент қаласында – 3 016 жағдай, Алматы қаласында – 2 653 жағдай, Жамбыл облысында – 2 370 жағдай тіркелді.

Бүгінгі таңда елімізде қызылшамен ауыратындарға арналған 3,5 мыңнан астам орын ашылды, стационарлық емделуде 2375 бала бар, төсек 59,5%, резерв-1093.

Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда, оның ішінде 1 жасқа дейін – 15 бала бар.

Эпидемиологтар 2023 жылы әлемде қызылшаға тән кезекті циклдік көтерілу, сонымен қатар, халықтың иммундық емес тобының жинақталуы инфекция толқынын күшейтетінін атап өтті. БҰҰ деректері бойынша әлемде 67 миллионнан астам бала пандемияға және вакциналарға деген сенімнің төмендеуіне және басқа да бірқатар факторларға байланысты жоспарлы иммундауды өткізіп алды. Осыған байланысты, 415 мыңнан астам жағдай тіркелген әлемнің 167 елінде қызылша бойынша жағдайдың күрделенуі байқалады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<