Республикалық ақындар айтысы өтті

317

0

Тамыры тереңге бойлаған қасиетті мекен Қармақшы ауданының құрылғанына 95 жыл толған торқалы той «Құт қонған қасиетті Қармақшым» атты республикалық ақындар айтысымен түндігін түрді.

Айтыс аламанының ашылуында сөз алған аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы 95 жылдық тарихы бар ауданның өткені мен бүгініне тоқталып өтіп, алдағы мақсаттарымыз бен биік мұраттарымызды бағамдады.

Сөз барымтасына ақын, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, Ахмет Нешати атындағы халықаралық әдеби сыйлығының иегері Шәкизада Әбдікәрімов, мәдениет саласының үздігі, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, айтыскер ақын Серік Ыдырысов, айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағы Жамбыл аймақтық филиалының төрағасы, Шерхан Мұртаза атындағы руханият орталығының директор орынбасары, ақын Ахметжан Өзбековтер қазылық етсе, ақын, Алаштың Ақтаңгер ұлы Мұхтар Ниязов айтыс тізгінін ұстады.

Аудан халқын серпілтіп, дем берген аламанда қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені қызылордалық Нұрмат Мансұр, І орынды Арқалық қаласынан келген Айбек Қалиев алса, ІІ орынмен Шымкент қаласынан келген Біржан Байтуов марапатталды. ІІІ орынды Алматы облысынан Айым Асылбекқызы мен Қармақшы ауданынан Сырым Әділбековтер өзара бөлісті.

Тоқсан бес жылдық торқалы тойда сөзден өрмек өрген барлық қатысушы ақындарға тойдан тобықтай сый, ақшалай сыйақылар табысталды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<