С.Бермағанбетов атындағы жас тілшілер үйірмесі ашылды

678

0

Бүгін қалалық білім бөлімінің Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында жасын ғұмыр иесі, аз ғұмырында ел игілігі үшін елеулі еңбек еткен журналист Сахитжан Бермағанбетов атындағы жас тілшілер үйірмесі ашылды.

Қаламгерлердің кәсіби мере­кесі қарсаңындағы шараға  қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов, облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, «Qyzylorda» телеарнасының директоры Жағыппар Қарабала, «Сыр медиа» ЖШС директорының орынбасары Марат Аралбаев, Сахитжан Бер­мағанбетовтің ата-анасы, ұстазы, журналистика саласындағы аға буын өкілдері қатысты.

Жиында С.Бермағанбетов атындағы жас тілшілер кабинеті салтанатты түрде ашылып, тележурналист туралы естеліктер айтылды. Қатысушыларға оқушылардың туындылары жинақталған «Сырдың саңлақ Сахитжаны» атты кітап таныстырылды.

Сондай-ақ, оқушылардың қарым-қабілетін дамыту мақсатында облыстық білім басқармасы мен «Qyzylorda» телеарнасы, «Сыр медиа» ЖШС пен қалалық білім бөлімінің Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы арасында меморандумға қол қойылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<