СЕҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАЛЫПТЫ

1694

0

Ауа райы күрт жылынып сала берді. Наурыз туғалы көбесі сөгілген қалың мұз сеңге айналып, дария бойында бақылау жұмыстары күшейтілді. Бүгінгі таңға жоғарыдан облыс аумағына секундына 220 текше метр су келуде. Ал «Қызылорда» су торабынан секундына 250 текше метр су жіберілуде.

Облыстың оңтүстік аудандарында Сырдария өзеніндегі мұз еріп, «Қызылорда» су торабынан 190 шақырымда сең жүруде. Мұз көшкіні Шиелі ауданының  Қызылқия елді мекені тұсында келеді. Аймақтың солтүстік аудандарында қозғалыс байқалмағанымен, ондағы мұздың қалыңдығы 40-60 см құрайды.  

Бүгінгі күні өзен бойындағы қауіпті аймақтар жауапты мекемелерге бекітіліп, арнайы инженерлік техникалар мен қажетті материалдар қауіпті су басу учаскелеріне жақын жерлерге шоғырландырылуда. Ықтимал су тасқынына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында «Қазавиақұтқару» АҚ-ның екі тікұшағы дайындыққа келтірілген. Дарияда кептеліс болған жағдайда мұз жару жұмыстарына арнайы мамандандырылған мекеме келеді.

Қазір облыс аумағындағы су шаруашылығы нысандарының жағдайы бірқалыпты және барлық қызметтер бойынша қатаң бақылауға алынған.

Ж.ӘБІШОВ. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<