Сейілбек Нұрымбетов жаңа қызметте

689

0

Сейсенбіде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалған Сейілбек Нұрымбетовті құттықтап, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.

Ол осы кезге дейін, яғни 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы қызметін атқарып келген.

«Сейілбек Серғазыұлы өз саласының білікті маманы ретінде мемлекеттік қызметте абыроймен еңбек етіп, қызметте сатылап өскен тәжірибелі кадр. Ресейдің алдыңғы қатарлы университетін бітірген, су ресурстары саласында терең білімі мен тәжірибесі бар мықты маман. Соңғы жылдары бассейн аумағында орын алған су тапшылығы кезеңінде лимиттерді белгілеу, су ресурстарын тиімді пайдалану, реттеу және экологиялық жағдайды жақсарт, 2022-2023 жылдар аралығындағы мол суды апатсыз өткізу барысында Сейілбек Серғазыұлының басшылығымен инспекция тарапынан ұтымды ұсыныстар беріліп, нәтижесінде оң шешімдер қабылданды. Халықаралық Аралды құтқару қоры мен мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының шешімдерін орындау және жүзеге асыруда табанды іс-әрекеттер жасады», – деді облыс әкімі.

Аймақ дамуы жолындағы еселі еңбегі үшін Сейілбек Нұрымбетовке Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.

Су шаруашылығы саласының ардагері, білікті маман Әділхан Қарлыханов әріптесін құттықтап, еңбекте табыс тіледі.

Өз кезегінде, Сейілбек Серғазыұлы әріптестеріне алғыс білдіріп, алдағы уақытта да туған жерге қызмет етуге әзір екенін атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<