Серік Күдебаев Түркияда ұсталып, елге жеткізілді

631

0

Серік Күдебаев ұсталып, елге жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы аясында БАҚ өкілдері Бас прокурор Берік Асыловтан: «Күдебаевтың ұсталып, Қазақстанға жеткізілгені жайлы ақпарат рас па?» деп сұраған еді.

«Иә», – деп жауап берді Бас прокурор. Сонымен қатар ол Серік Күдебаевтың Түркиядан жеткізілгенін де айтты. Еске сала кетейік, 3 сәуірде Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Алайда, күдіктінің ел аумағынан тысқары бой тасалағанын шекара қызметі наурыздың 27-і күні бір-ақ білген. Бас прокуратура Серік Күдебаевтың қашып кету фактісіне қылмыстық іс қозғады.

Айта кетейік, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған. Сот талқылауы барысында прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<