Сеулде 11 тілде аударма жасайтын интерактивті машиналар орнатылады

246

0

Сурет ашық дереккөзден

Сеул үкіметі ел астанасына келушілер үшін туристік ақпарат орталықтарында жедел аударма қызметі бар интерактивті экрандар орнатады, деп хабарлайды Kazinform The Korea Herald басылымына сілтеме жасап.

Қызмет түрі 20 қарашадан бастап екі туристік ақпараттық орталықта – Gwanghwamun Tourist Information орталығы мен Seoul Tourism Plaza-да қолжетімді болады, кейінірек басқа жерлерге де орнатылады.

Аударма қызметінің арқасында Сеулге келген туристер өздеріне ыңғайлы тілде сөйлей отырып, көмек ала алады.

Бұл қызмет жасанды интеллект, сөйлеуді мәтінге цифрлық түрлендіру технологиясына негізделген аударма механизмін пайдаланады және аударылған мәтінді экранда көрсетеді.
Қызмет 11 тілде қолжетімді: орыс, ағылшын, жеңілдетілген қытай, жапон, тай, вьетнам, малай, индонезия, араб, испан және француз. Бұл тілдерді таңдау – 2019 жылы Оңтүстік Кореяға келген туристер санына негізделген.

«Бұл қызметті енгізу – Сеулге келген туристердің ыңғайлылығын қамтамасыз етіп, қаланы еркін тамашалауына тіл білмеушілік кедергі келтірмейді деп үміттенеміз, – деді Сеул үкіметінің туризм және спорт департаментінің директоры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<