Шағын футболдан аймақтық турнир

622

0

Сенбі күні жуырда ғана күрделі жөндеуден өткен Көкшоқы спорт клубының ашық алаңында аққан жұлдыздай жарқ етіп, ерте бақилық болған ауданымыздың маңдайалды азаматтары Жалғас Әлтаев, Өркен Садықов және Нұрсұлтан Қазалбайұлын еске алуға арналған шағын футболдан аймақтық турнир өтті.

Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Нұржан Ахатов та қатысып, Шиелі ауданында мұқым елдің мақтанышына айналған қаншама азаматтардың дүниеге келгендігін, Жалғас Әлтаев, Өркен Садықов және Нұрсұлтан Қазалбайұлы сынды азаматтардың қамшының сабындай қысқа ғұмырларында арттарына өшпестей із қалдырып, ел есінде қалғандықтарын айтты.

Сондай-ақ, сөз соңында ауданымыздың спорт саласына еңбегі сіңген ардагері, елге белгілі футбол жаттықтырушысы Нұрмағанбет Сахиұлының иығына шапан жауып, Шиелі ауданының ең бағалы марапаты «Құрмет грамотасын» табыстады.

Айта кетейік, турнирге Жезқазған, Шымкент, Қызылорда қалалары мен Жаңақорған ауданынан және жергілікті аяқ допшылардан құралған 20-дан астам ұжым қатысты.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<