ШАХМАТ ШЕБЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

601

0

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев шахматтан оқушылар арасындағы әлем чемпионы, ФИДЕ шебері Назерке Нұрғалимен кездесіп, жас шахматшы мен оның бапкері Василий Шимелковқа алдағы сайыстарда жеңіс тіледі.   

Жас спортшы Албанияның Дур­рес қаласында сәуір айында өткен жа­рыста 15 жасқа дейінгі оқушылар арасында Әлем чемпионатында же­ңіс­ке жеткен еді. Чемпионатта 40 елден келген 420 спортшы жүл­де­лерді сарапқа салды. Айтулы жа­рыста Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді. Н.Нұрғали швейцар жүйесі бойынша классика түрінен 9 турдан 8 ұпай жинап, Әлем чемпионы атанды.

Шахматпен 6 жасынан бас­тап шұғылданған Назерке №1 облыс­тық олимпиадалық резервтің ма­ман­дандырылған балалар-жасөс­пі­рімдер мектебінде тәлім алады. 9 дүркін ҚР жеңімпазы, ФИДЕ шебері, Азия чемпионатының күміс, қола жүлдегері, оқушылар арасында Азия чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, оқушылар арасында Әлем чемпионатының күміс жүл­дегері атанған.

Қабылдаудан кейін журна­лис­терге сұхбат берген Әлем чем­пионы: 

– Бұл жеңіс менің арманым еді. Халықаралық байқаудағы алғашқы алтын медаліме қол жеткіздім. Алдыңғы жарыстарда күміс пен қола жүлделер ғана иеленіп жүрдім. Жаттықтырушымның, мектебім мен облыстық спорт басқармасының қолдауын сезіндім.

Бүгінгі облыс әкімінің қабыл­дауы­нан ерекше әсерленіп шық­тым. Қырымбек Елеуұлы алда­ғы жарыстардан тек жеңіске же­­туі­­ме, бұдан да биік шыңдарды бағындыруыма тілек білдірді. Об­лыс басшылығына спортшыларға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіремін, – деді.  

Спортшы тамыз айында Моң­ғо­лияда өтетін Азия чемпионатына, қыркүйекте Түркияда өтетін Әлем чемпионатына қатысады. Аталған жа­рыстарда Назерке 20 жасқа дейінгі қыздар арасында сынға түседі. Ал қазан айында Грекиядағы Әлем біріншілігінде 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында бақ сынайды.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<