Шеберлік дәрісі өтті

1785

0

Фото: Облыстық мәдениет басқармасы

Кеше Жыраулар үйінде Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, профессор, «Парасат» орденінің иегері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, жырау Алмас Алматов шеберлік дәріс өткізді. Дәрісте Сыр бойындағы жыраулық дәстүрдің бүгіні мен өзекті мәселелері талқыланды.

Шеберлік дәріске өңіріміздегі жыршы-жыраулар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Дәстүрлі өнер» институты мен Қазанғап атындағы музыкалық жоғары колледжі, М.Қалауов атындағы өнер мектебінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Жиында басқарма басшысы М.Қазбекова Сыр бойындағы жыраулық өнерді келер ұрпаққа аманаттау, насихаттау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<