Шетелдік автокөліктерді заңдастырудың аяқталуына екі апта қалды

828

0

Сурет ашық дереккөз

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ІІМ басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан бастап, елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 16 маусымдағы жағдай бойынша 161 мың автокөлік заңдастырылды, тағы 13 мыңнан астамы тіркеуді күтуде. Сондай-ақ ағымдағы жылдың 22 мамырынан бастап 7 мыңға жуық автокөлік-конструктор қазақстандық есепке қойылды. Өздеріңіз білетіндей, заңдастыру аяқталғанға дейін екі апта қалды (ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін).

Көптеген азаматтар өз көліктерін заңдастыруға үлгермей қалуымыз мүмкін деген алаңдаушылық білдіруде. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін өтінім берген Қазақстанның барлық азаматтарына көрсетілген мерзімнен кейін автокөліктертерді заңдастыру құқығы берілетінін хабарлағым келеді.

Бұдан басқа Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған және осы себепті заңдастырылмаған автокөліктерге келетін болсақ, аталған көлік иелеріне оларды Қазақстан Республикасында 5 жыл мерзімге уақытша есепке қою құқығы берілетін болады. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады және заңдастыру мерзімі ұзартылмайтынын ескертеміз.

Одан кейін шетелдік есепте тұрған автокөліктерді Қазақстан Республикасының заң талаптарын бұзып пайдалануды жалғастырған азаматтарға тиісті шаралар қабылданатын болады, – деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<