Шиелі ауданында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерінің саны артты

275

0

Фото: Шиелі ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы Ахатов көпбалалы аналарды қабылдап, 3 «Алтын алқа» мен 13 «Күміс алқа» төсбелгілерін аналарға табыс етті.

Жиында аудан басшысы батыр да, ақын да бәрі-бәрі ананың алтын құрсағынан шыққанын, аналарға әрбір жаннның қарыздар екендігін айтты. Сондай-ақ, «Amanat» партиясы Шиелі аудандық филалының төрағасы Болат Сыздық, аудандық әйелдер кеңесінің төрағасы Нәйла Палымбетова сөз алып, аналарға ақ тілегін білдірді.

Айта кетейік, қазіргі таңда аудан бойынша «Алтын алқа» иелерінің саны – 973, ал «Күміс алқа» иегерлерінің саны – 1570-ке жетіп отыр.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<