Шуақты мереке шаттығы

636

0

8 Наурыз – Халықаралық әйел­дер күні мерекесіне орай, облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов аймақтағы нәзікжандыларды мерейлі мерекемен құттықтады. Кездесуге көшбасшы әйелдер, кәсіпкерлер, батыр аналар қатысты.

– Алаштың анасы атанған туған жеріміздің көркеюіне қаншама әйел-аналар, апа-қарындастар, қыз-келін­шектер үлес қосуда. Ұлт ұлағатының жас ұрпаққа жетіп, салт-дәстүріміз бен рухани құндылығымыздың қай­мағы бұзылмай сақталуының өзі аналарымыздың арқасы дер едік. Сіздердің қолдауларыңыз бізге сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дары­сын! Мерекелеріңіз құтты болсын! – деді облыс әкімінің орын­басары.

Сонымен қатар қатысушыларға құт­тықтау хат пен гүл шоқтары, арнайы сыйлықтар табысталды. Бас­қосу өнерлі өнерпаздардың ән шашуымен қорытындыланды.

Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ,

Н.НҰРЖАУБАЙ (сурет).

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<