Шылаушын — биологиялық тыңайтқыш

291

0

Шылаушын — жауынқұрт.
Жауын­құрт­тың егістікке әкелер пайдасы мол, себебі олар органикалық заттармен қоректеніп, топырақты қопсытады. Қызылорда облысында топырағы тұзданып кеткен жерлер көп. Экологиялық тұрғыдан топырақ фаунасы микрофауналар және мезофауналар болып бөлінеді. Соның ішінде жауынқұрты мезофаунаға жатады. Жауын құрты топырақтың тұрақты тұрғыны. Бір шаршы метр топырақта 1000-ға дейін жауын құрты тіршілік етеді.
Шылаушын өсімдік қалдықтарын және басқа да органикалық заттарды (қи, ағаш қабығы, өнеркәсіп қалдықтары) өңдеп, топырақта гумустың түзілуін қолдайды. Сонымен қатар, топырақтың механикалық құрамы жақсарады, зиянды организмдер азаяды. Бір тәулікте 1 миллион жауын құрты 500 келі қалдықты өткізіп, оны организмдерге пайдалы қорек заттары бар, ферменттері мол құнды тыңайтқышқа айналдырады. Мал қиын өңдеп, топырақты пайдалы органикалық қышқылдармен қанықтырады. Бұл органикалық тыңайтқыштар өсімдіктің қоректік режимін жақсартады, топырақтың су ұстағыштық қасиетін жоғарылатады. Шылаушынның ішегінен өткен топырақта өсімдікке қажетті қорек элементтері ұлғаяды.
Дамыған елдерде шылаушынды арнайы көбейтіп кәсіп қылады.
Қызылорда облысында «Қазалы Агро KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәдімгі шылаушын өсіруді қолға алған. Сыр өңірі жерлерін құнарланудыру үшін жауынқұрт өсіріп, тыңайтқыш саудалауды бастап кеткен. Калифорниялық қызыл құрттың қоршаған ортаға зәредей да залалы жоқ, керісінше топырағын сор басып тұратын Сыр өңірі үшін аса қажет.
Калифорниялық қызыл құрттардың «тамағы» – органи­калық қалдықтар. Жапырақтың ші­ріндісін, малдың тезегін талғамай жей береді. Оны өңдеп, биологиялық тыңайтқыш жасайды. Сондықтан да оның қорегінен көп қинала қоймаймыз. Жер сорланудан бөлек құрғап кеткенде де осы биотыңайтқыштың көмегі көп.
Бұл жәндік 1959 жылы АҚШ-тың Калифорния штатында жауынқұрттардың әр түрін будандастыру арқылы пайда бол­ған. Біздің елімізге 2004 жылдан бастап келе бастады. Кәдуілгі шылаушыннан 5-6 есе тез көбейеді. Жергілікті жауынқұрттар 3-4 жыл, ал калифорниялық түрі 16 жыл өмір сүреді.

Нұрила ҮДЕРБЕКОВА,
№193 орта мектептің

биология пәнінің мұғалімі,

Жаңақорған ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<