Солтүстік өңірде жұмыс күші тапшы

420

0

Ауыл шаруашылығымен қоса өндіріс орындары жақсы дамыған еліміздің солтүстігіндегі облыстарда жұмысшы күші тапшы. Мұнда біліктілігі бар мамандармен бірге қарапайым механизаторлар, дәнекерлеушілер жетіспейді.

Осыған орай Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында еліміздегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Осы тапсырма негізінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында оңтсүтіктен солтүстікке қоныс аударуда.Қазалы ауданына Павлодар облысынан арнайы делегация келіп, «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде Солтүстік өңірлерге қоныс аудару және еңбек күшінің ұтқырлығы бағыты бойынша тұрғындарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев төрағалық еткен басқосуға жұмыссыз тұрғындар қатысты.

Басқосуда Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қон бөлімінің басшысы Меруерт Есембаева, Павлодар қаласының жұмыспен қамту орталығының маманы Талғат Әкімниязов және Баянауыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Магупура Омарова сөз сөйлеп, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ауданымызға арнайы келген делегация өкілдері «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы» шеңберінде Солтүстік өңірлерге қоныс аудару және бос жұмыс орындары, қоныс аударушыларға көрсетілетін көмектер мен жеңілдіктер туралы кеңінен айтып өтті.

Басқосудан соң аудан тұрғындары делегация мүшелеріне өздерінің сұрақтарын жеке-жеке қойып, солтүстік өңірге қоныс аударуға ниеті бар екендіктерін жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<