Сот қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

139

0

Фото: Сырдария ауданының әкмідігі

Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев аудандық сот қызметкерлерін арнайы қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтады.

– Сот жүйесі – мемлекет пен азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуының кепілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Барлық деңгейдегі соттар, шын мәнінде, тәуелсіз, ашық және кәсіби болмаса, заң үстемдігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Мемлекет осыған орай ауқымды жұмыс жүргізуде» деп атап өтті.

Сол себепті сот саласы еліміздің демократиялық және құқықтық мемлекет құру, қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтық бейбітшілікті сақтау жолында маңызды рөл атқарады. Қоғамдағы даулар мен жанжалдарды шешу судьядан жоғары білімді, тәжірибені, мінсіз адами және тұлғалық қасиеттерді талап етеді. Бүгінгі сот жүйесі еліміздегі түбегейлі өзгерістермен тікелей байланысты реформаларды бастан өткеруде.

Оның мақсаты – сот жүйесін халыққа жақындатып, мықты әрі тиімді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді қорғауға қабілетті жүйе құру. Бұл ретте, аудандық сот қызметкерлері өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқарып келеді. Әділ сот төрелігін қалыптастыру мен жетілдіру жолындағы қажырлы еңбек етіп келе жатқан сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Аудан басшысы аудандық сот қызметкерлерлеріне «Құттықтау» табыс етіп, сый-құрмет көрсетті.

Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев пен облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов мерекелік лебіздерін жеткізсе, аудандық сот төрағасы Руслан Алдамбергенов бүгінде сот жүйесі дамудың жаңа белесіне шыққанын атап, ризашылығын білдірді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<