Тұрақты даму бағытындағы жасыл балабақша

1069

0

 «Умай» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі» – 1999 жылы құрылған үкіметтік емес ұйым. Облыстың ең ірі үкіметтік емес ұйымдарының бірі негізі қаланған сәттен бастап әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында қиын өмірлік жағдайларға тап болған отбасыларға үздіксіз қызмет көрсету бағытындағы және түрлі әлеуметтік жобалардың орындаушысы болып табылады. Қайырымдылық үйі 2018 жылы республикалық «Таным» сыйлығының иегері атанды.

Бүгінгі күні ұйым «Birgemiz: Taza Álem» жалпыұлттық жобасы аясындағы «Жасыл балабақша» жобасын жүзеге асыруда. Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҚЕАҚ, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қаржыландыруымен «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорының шағын гранты негізінде жүргізілуде.

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев «Қала тұрғындарының өз үйі мен көшесіне салғырт қарайтынына куә болып жүрміз. Бұл еліміздің имиджіне нұқсан келтіреді» – деген болатын. Қаланың таза, әдемі әрі жасыл желекке оранып тұруы әрбір адамның сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді. Өз аулаңнан басталған тазалық қаланы гүлдендірері сөзсіз.  

«Жасыл балабақша» жобасы, «Умай» балалар үйінің көптеген басқа жобалары сияқты, «Жаһандық деңгейде ойла, жергілікті әрекет ет» қағидасы бойынша құрылған және үш негізгі бағыт бойынша жұмыс істеуді көздейді: мекеме қызметі, балабақшадағы балалардың іс-әрекеті, отбасылар мен жұртшылықпен ынтымақтастық. Жоба аясында балалар үйінің ауласында көгалдандыру және жылыжай жұмысын жүргізу жұмыстары жүргізілді. Аулаға 20 түп арша, 20 түп бақша ағаштары, бұталар, үйіңкі, теректер, жылыжайға қызанақ, қияр көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар, балабақша тәрбиешілері колледж студенттеріне арналған «Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым экологиялық түсініктерін қалыптастыру» бойынша практикалық сабақтарын өткізді. Танымдық шараға ерікті жастар белсенділік таныта қатысты.

«Жасыл балабақша» тек ауланы көгалдандыру, бау-бақша егіп, ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету ғана емес – бұл ең алдымен балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<