Су саласын дамытуға арналған 76 жоба жүзеге асырылмақ

246

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сыр өңірінде су шаруашылығын дамыту шаралары ілгерлеп келеді. Жыл басынан бері су тапшылығының алдын алу мақсатында ауылдық елді мекендерге 23 дана насос қондырғылары жеткізіліп, 28 каналдың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген. Сондай-ақ, 9 каналға тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Құрманбаев хабарлады.

-Бүгінде облыстық коммуналдық меншікке 233 су шаруашылығы нысаны алынған. Осы меншіктегі су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 79,3 шақырымдық 10 каналға, елді мекендердерге насос қондырғыларын жеткізуге және 28 каналдың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге тиісті қаражат бөлінді. Өздеріңіз білетіндей, өңір үшін өте өзекті мәселенің бірі – су тапшылығын төмендету. Осыған орай, Мемлекет басшысы Сырдарияның жоғары ағысындағы мемлекеттермен келіссөз жүргізіп, тиісті көлемде су бөлінуіне жағдай жасауда. Одан бөлек, су тапшылығы жағдайында елді мекендерді суармалы сумен қамтуға ҚР Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған жобасы жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ, су саласын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленіп, облыс әкімдігімен ұсыныс жасалды. Осыған сәйкес 76 жоба республикалық бюжеттен іске асырылмақ, – деді басқарма басшысы Марат Құрманбаев.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<