Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті

1149

0

Еліміздің жарқын болашағы үшін қоғамда сыбайлас жемқорлық атымен болмауы тиіс. Қай саланың болмасын қалыпты дамуы үшін, алдымен арды жоғары орынға қою керек. Әрбір Қазақстан азаматы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі» заңды оқып алуы тиіс. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қасиетін бойға сіңдіру қажет. Ол біздің әрбір әрекетімізде, бойымызда қарсы тұрар төзбестік мәдениетін қалыптастыра білуімізде жатыр.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы туралы» заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: – «… жеке түрде немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді заңсыз алу және мемлекеттік қызмет атқарушы тұлғалардың, сондай-ақ, оларға теңестірілген тұлғалардың өз лауазымдық өкілеттіктері мен өкілеттеріне қатысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда табу үшін жеке басына пайдалануы, сондай-ақ аталмыш тұлғаларға жеке және заңды тұлғалардың көрсетілген игіліктер мен жеңілдіктерді құқыққа қайшы түрде пара ұсыну жолымен сатып алуы». Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану.

Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің белгілердің бірі пара алу не беру болып табылады. Пара дегеніміз лауазымды тұлғаның басқа бір тұлғадан лауазымына қатысты көрсететін қандай да бір қызмет түріне берілетін ақша немесе өзге игіліктерді алуы болып табылады.

Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілуде. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.

2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді. Стратегиямен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары мынадай: мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қолдану; қоғамдық бақылау институттарын енгізу; мемлекеттік сыңайлы және жеке меншік секторларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау; құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Әрбіріміздің қолынан келері-заңсыздыққа жол бермеу. Әрбір әрекет ертелі-кеш белгілі болады. Осыны басты назарда ұстайық.

Ғалым ИМАҒАНБЕТОВ,

Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот приставы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<