Сыр елінің Елордаға тартуы

954

0

Бүгін Астана қаласында елорданың 25 жылдығына орай Қызылорда облысы тауарөндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталды.
Арқа төріндегі қала тұрғындарына 85 жылдық тарихы бар Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын-қарбызы, ұлттық сусындары жеткізілді.

Жәрмеңкеде аймақта өндірілетін отандық өнімдерді қолдау мақсатында арнайы көрме ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар, елордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр елі өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылады.

Жәрмеңкеде 60-қа жуық Сыр диқандары мен тауарөндірушілері 40 жүк көлігімен 160 млн. теңгенің 450 тоннадан астам өнімдерін тұрғындарға ұсынуда. Атап айтқанда 130 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет және 30 тоннаға жуық балық өнімдері, 30 тоннадай көкөніс пен жеміс-жидектер, 230 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 10 тоннадай сүт өнімдері, 5 тоннаға жуық сөк, талқан және кондитер өнімдері жеткізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<