Сырдария жағалауына жете алмай қалған жасөспірім құтқарылды

511

0

Қызылордада құтқарушылар Сырдарияда өзенінде суға түсіп, жағалауға жете алмай қалған 12 жастағы жасөспірімнің өмірін сақтап қалды.

5 тамыздада сағат 19.00-дер шамасында құтқарушылар Сырдария өзенінде кезекшілік атқарған. Сол сәтте Сырдария өзеніне суға шомылып, жағалауға жете алмай қалған жасөспірімді байқады.

«Құтқарушылар дереу іске кірісті. Жасөспірімді жағалауға шығарды. Оқиға орнында құтқарушылар судан шығарылған азаматқа психологиялық көмек көрсетті. Қазір жағдайы жақсы», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 9 жасар бала белгісіз жағдайда каналға батып кетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<