Сырдарияда экологиялық акция аясында жаппай сенбілік өтті

125

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық акциясы аясында аудан орталығында және елді мекендерде санитарлық тазарту және көркейту жұмыстары бойынша сенбілік өтті. Сенбілікті аудан әкімі Берік Сәрменбаев аралап, тұрғындарды туған жерді көркейту-көгалдандыру жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырды.

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде, саябақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.

Сенбілік барысында сырдариялықтар ағаштар егу, әктеу, көшелерді күл-қоқыстан арылту, қураған алдарды кесу, аяқ су жолдарын тазарту арқылы туған жерді түлетуге өз үлестерін қосты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<