Тағайындау

287

0

Жанұзақов Қуаныш Қуантқанұлы Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Қ. Жанұзақов 1982 жылы туған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда облыстық соттар әкімшісінің іс тіркеушісі ретінде бастаған.

2007-2013 жылдары Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының жетекші маманы, бас маманы және бөлім басшысы.

2013-2016 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұ­мыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, Арал ауданы әкі­мінің орынбасары, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.

2016 жылдың шілде айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<