Табиғатты өрттен қорғайық

982

0

Қызылорда облыс бойынша мемлекеттік орман қоры жерлері 6 509,7 мың гектарды құрайды. Оның ішінде орманды алқаптар 3 021,5 мың га. Осы орманды алқаптардың 43,6 мың гектары өрт қауіптілігі аса жоғары болып саналады.

«Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-мен, ҚР ЭГжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) «2020 жылдың өрт қауіпі бар маусымының қорытындылары туралы және 2021 жылдың өрт қаупі бар маусымына дайындық жөніндегі міндеттер туралы» 2021 жылғы 24 ақпандағы № 27-5-6/28 бұйрығының 2-қосымшасы, 1-тармағы 4-тармақшасын орындау мақсатында, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.10.2015 жылғы №18-02/942 бұйрығымен бекітілген «Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидасының» (бұдан әрі – Қағида) 1-1-қосымшасына сәйкес, облыс көлеміндегі мемлекеттік орман иеленушілердің өрт қаупі бар маусымға дайындығы дәрежесін анықтау бойынша талдаулар жүргізілді.

Нәтижесінде, облыс көлеміндегі мемлекеттік орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің (бұдан әрі – орман мекемелері) өрт қаупі бар маусымға дайындығы «орташа» (6,8 балл) деңгейде екендігі анықталды.

ҚР ЭГжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің 31.03.2021 жылғы «2021 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қауіпі бар маусымды белгілеу туралы» № 27-5-6/48 бұйрығына сәйкес Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстары үшін өрт қауіпі бар маусымы 2021 жылдың 1 сәуірінен басталып, 15 қарашадан бастап аяқталды.

2021 жылы облыс көлемінде  жалпы көлемі 779 гектарды (2020 жылы 283,3 га) қамтыған 13 өрт оқиғасы (2020 жылы 48 оқиға) тіркелді. Жалпы өрт салдарынан 208,5 га орманды алқап отқа оранып, орман ағаштары жойылып, жалпы көлемі 615,6 мың теңге залал келген.

Өрттердің шығуына кінәлі 2 тұлға анықталып, 43,7 мың теңге айыппұл салынған. 11 жағдайда кінәлі тұлғаларды анықтау үшін жинақталған құжаттар ішкі істер органдарына жолданған. Былтырғы жылмен салыстырғанда өрттің саны азайғанымен, өрт шалған аумақтың көлемі үш есе көбейіп отыр.

Орын алған өрт оқиғалары бойынша Инспекциямен тексерулер, талдаулар жүргізіліп, нәтижесінде орман мекемелерінің 6 лауазымды тұлғасына ҚР ӘҚБтК-нің 367-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, жалпы 262,2 мың теңге айыппұл салынды.

Орман өрттері негізінен табиғи факторлар (найзағай, күннің күрт ысуы т.б) және адам қолымен (демалыс кезінде алауларды, егіс алқаптарын, каналдар мен арықтарды шөптесін өсімдіктерден отпен тазарту кезінде, т.б.) әсерінен орын алады.

Айбек ЖОЛАҚАНОВ,

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы

және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлім басшысы                                     

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<