Құрылтай

Тәжікстан президентімен кездесті

4

0

Фото: Ақорда

Кеше Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық муль­тиспорт турнирінің ашылу сал­та­натына құрметті қонақ ретінде қатысқаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты.

Кездесу барысында президенттер стратегиялық серіктестік пен одақ­тастық рухында дәйекті түрде да­мып келе жатқан қазақ-тәжік қаты­нас­тарының қазіргі деңгейін жоғары ба­ғалады. Тұрақты саяси диалогтің, сон­­дай-ақ екі елдің үкіметтері мен іс­кер топтары арасындағы белсенді бай­ланыстардың маңызы да атап өтілді.

Сауда-экономикалық қарым-қа­ты­настарды одан әрі кеңейтуге, кө­лік-логистика және энергетика сала­­­­ла­рындағы ынтымақтастықты дамы­­туға, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағ­да­ластықтарды жүзеге асыруға баса назар аударылды.

Мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір ал­масты. Сонымен қатар алдағы көп­жақ­ты форматтағы бірлескен іс-шара­лардың кестесін талқылады.