Танымал дизайнерді өлтірген күдікті 11 жылға сотталды

576

0

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Bisen» атымен танымал дизайнер Сәбит Сыраханның өліміне кінәлі адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот Сағыныш Дүйсенғалиевті ҚРҚК 99-бабы, 1-бөлігі «Кісі лтіру» бойынша кінәлі деп таныды. «Сот үкімімен С. Дүйсенғалиев 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сотталаушы қаза тапқан жігіттің отбасына 10 млн теңге моральдық залал өтеуге міндетті»,- деп хабарлады Соттың баспасөз қызметі. Бұған дейін, прокурор айыпталушыны 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<