Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мәселелері талқыланды

212

0

Фото: Облыстық мәдениет басқармасы

ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Өңірлік Кеңсесінің халықаралық сарапшысы А.Тентиева, «Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» номинациясын іске асыру жөніндегі хатшылықтың мүшелері: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің басқарма басшысы Ж.Сейдалиева, Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласы филиалының директоры Ә.Тәжекеев, «Қазқайтажаңарту» РМК Ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының директоры Б.Байсалбаев, номинациялық досьені дайындау жөніндегі жобаның жетекшісі Л.Бейсембаева және сәулетшілер, құжаттау жөніндегі мамандар Қызылорда облысына арнайы іс сапармен келді.

Делегацияның облысқа келудегі басты мақсаты – «Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» номинациясы бойынша Орта Азия елдерінің тарихи-мәдени мұра объектілерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу. Іс сапар барысында басқарма басшысы М.Қазбекова мониторингтік топпен кездесіп, Сыр өңіріндегі тарихи-мәдени мұра обьектілерін сақтау мен өзекті мәселелерге тоқталды.

Сапар аясында делегация ұжымы ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізуге ұсынылатын Сыр өңіріндегі ортағасырлық Жанкент, Сығанақ қалашықтары мен Жетіасар оазисі ескерткіштерімен танысты.

Сонымен қатар, Қорқыт ата ескерткіш кешенімен танысып, Жетіасар ескерткіштері шоғырланған Тұрмағамбет ауылы мен жергілікті жыраулық мектептің өкілдерінің концертін тамашалады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<